Оқытушы Гей Е.П. жетекшілігімен бастауыш сынып оқушылары арасында "Менің ата-анамның мамандықтары" атты сурет байқауы өтті. Сайыстың мақсаты: Мамандықтардың алуан түрлілігі және олардың адамдар үшін маңыздылығы туралы түсінік беру. Балалар жұмыс орнында әкелері мен аналарының суретін үлкен қызығушылықпен салды әртүрлі мамандық иелеріне деген құрметтері мен жақсы қарым-қатынастарын көрсетті.